СҚО-да соңғы қоңыраудан кейін жоғалып кеткен түлек қазасының себебі анықталды
«Аталған факті бойынша іздеу шаралары жарияланды, ішкі істер органдарының жеке құрамы, өзге де топтар құрылды. Сипаттамалар облыстағы полиция құрылымдарына жіберілген болатын. Іздестіру шаралары кезінде 2 маусымда Буденное ауылынан 100 метрлік жерде орналасқан көлде оның өлі денесі табылды. Мәйіт сот-медицина сараптамасына жіберілді, нәтижесінде зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілер табылмады. Қаза табуына суға бату себеп болған», - деді өңірлік ІІД баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, 27 мамырда Жамбыл ауданы ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімшесіне Чапаев ауылының тұрғыны 17 жастағы ұлы Владислав Виниченконың жоғалғаны туралы хабарлаған болатын. Ол 25 мамырда бозбала сыныптастарымен бірге Буденное ауылы маңындағы тоғайда мектеп бітіргенін тойлаған. Сағат 23.00-дің маңында ол ұялы телефонмен туыстарына үйге оралатынын хабарлаған. Бұдан кейін оны ешкім көрмеген.