СҚО-да су деңгейінің көтерілуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысындағы «Челябинск-Новосібір» тас жолында судың деңгейі 40 сантиметрге көтерілді.
None
None

«Челябинск-Новосібір» тас жолының 528 шақырымында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Айналма жол Петропавл қаласын айналып, «Петропавл-Астана» және «Астана-Омбы» жолдары арқылы өтуде.

Оқиға орнында тасыған суды құбырлар арқылы тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жол бойында тәулік бойы бақылау орнатылған, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар