СҚО-да сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін полицей жұмыстан шығарылды (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО ІІД Тәртіптік комиссиясының көшпелі отырысы барысында бір полицей жұмыстан шығарылып, 11-і жазаға тартылды.
None
None

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«СҚО ІІД бастығы Берік Біләлов бастаған көшпелі мәжіліс Тимирязев ауданы ішкі істер бөлімінің базасында өтті. Полицейлер жедел-қызметтік жұмыстың 9 айының қорытындысын шығарып, Тәртіптік комиссия отырысын өткізді, онда Тимирязев ауданы ІІБ полиция учаскелік инспекторының сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі қаралды. Тимирязев ауданының полиция бөлімі, кадр жұмыстары және әкімшілік полиция басқармасының басшылығы тыңдалды», - делінген хабарламада.

Тәртіптік комиссия полиция учаскелік инспекторын теріс әрекеті үшін ішкі істер органдарынан шығару, Тимирязев АІІБ басқарманы қадағалайтын басшылығын, бұрынғы учаскелік қызметкерді жұмысқа ұсынған қызметкерлерді қатаң тәртіптік жауапкершілікке (жұмыстан шығаруға дейін) тарту шешімін қабылдады.

Соңғы жаңалықтар