СҚО-да ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында 24 ірі жоба жүзеге асырылуда

ПЕТРОПАВЛ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 24 ірі жоба енді.
None
None

Инвестициялардың жалпы көлемі 31 млрд. теңгеден асады, соның ішінде өткен екі жылда 11,1 млрд. теңге игерілді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бір жоба іске асырылды - «СБИ-Агро-Ташкентка» ЖШС-нің 440 мал басына арналған тұқымдық репродукторы.

Биылғы жылдың 1 сәуірінде ҮИИД бағдарламасына кіретін 13 кәсіпорында өндіріс басталды. Көптеген жобалар енді іске қосылуда, өнімдер шығарыла бастады, кәсіпорындар өнімді өткізудің қосымша нарықтарын іздеуде.

Соңғы жаңалықтар