СҚО-да жекешелендіру есебінен 129 млн теңге үнемделді

Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Наталья Дышкант 2016 жылдан бастап 74 миллион теңге сомасында 15 ұйым жекешелендірілгендігін мәлім етті.
«Жекешелендіру нәтижесінде 129,6 миллион теңге әкімшілік шығын қысқарған. Сонымен қатар, 2016-2017 жылдары жаңа кәсіпорындар мен мекемелер құрылған», - деді Н. Дышкант.
Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың пікірінше, бұлай болуы мүмкін емес, себебі мемлекет бюджетінің шығынын көбейту емес, қысқарту керек.
«Менеджмент нашар. Жыл сайын мемлекеттік шығын қысқаруы тиіс. Барлық әлем осылай жұмыс істейді. Мемлекет білім беру, медицина салаларын қаржыландырып, мәдениетті қолдауы қажет», - деді Қ.Ақсақалов.
Оның пікірінше, тұрғындарды аталмыш жекешелендірудің 90-жылдардағыдай емес екендігін түсіндіріп, жекешелендірілген кәсіпорындардың қалай жұмыс істейтіндігін көрсету керек.
«Үнемделген қаржыны білім беруге, медицинаға бағыттай аламыз. Жыл сайын бұл қаржы артып отыруы тиіс», - деп атап өтті Қ. Ақсақалов.