СҚО-да жоғалған 17 жастағы бойжеткен табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда із-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткен аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО-да жоғалған 17 жастағы бойжеткен табылды

Полиция қызметкерлері Есіл ауданының тумасы Марина Хрусталёваның қайда болғанын анықтады.

«Анықталғанындай, ол Петропавл қаласында өзінің танысының үйінде болған. Жуық арада ол үйіне қайтарылады», - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, солтүстікқазақстандық полицейлер 17 жастағы бойжеткенді іздеп жатқанын таңертең хабарлаған болатынбыз. ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бойжеткен 11 қыркүйекте жоғалып кеткен.