СҚО-да жоғалып кеткен 6 жасар баланы төртінші күн іздеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат -  СҚО-да ауылда жоғалып кеткен алты жасар баланы іздеу жалғасуда, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкіліне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

Хабарламаға сәйкес, 5 шілдеде Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Старобелка ауылында Ресейден анасымен бірге туыстарына қонаққа келген ер бала жоғалып кетті. Куәгерлер алты жасар Матвей Буровик 16.00-де туыстарының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткенін айтады.

null 

Бұл күні ТЖД-да жедел штаб құрылып, ауданға іздеу жұмыстарын жүргізу үшін күштер мен құралдар жіберілді.

ТЖД, АІІБ, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері, ауыл тұрғындары жоғалған баланы жаяу іздей бастады. Ауыл маңы метр-метрмен тексеріліп, іздеу ауданы сағат сайын кеңейді.

null 

Елді мекеннен 10 шақырымда баланың заттары: баланың трикосы мен шұлығы табылды, оны туыстары таныды, ал бала табылған жоқ.

Жаяу іздеу нәтижелері сәтсіз болғандықтан, «Неженка Ерке» ЖШС-ның АН-2 ұшағы және аудандық ІІБ квадрокоптері жұмылдырылды.   Полицейлер   іздеу жұмысына итті де тартты, алайда жаңбыр мен орманға химикат себілуіне байланысты ит ізге түсе алмады.

null 

Бүгін көлікпен, атпен жергілікті жерді айнала іздеу жұмыстары қолға алынды. Радиусы - 25 шақырым. Орман, дала алқаптары, батпақты жерлер қамтылуда. ТЖД құтқару жасағының сүңгуірлері екінші күн ауыл жанындағы Ұлыкөл өзенін тексеруде.

null

Іздеу жұмыстарына 160 адам, 18 бірлік техника тартылды. Іздеу әзірге нәтиже бермеді. Құтқарушылар баланы табатынына үміттерін жоғалтпауда, іздеуге бар күштерін салуда, деді Руслан Иманқұлов.

null

Соңғы жаңалықтар