21:42, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
СҚО-да жоғалып кеткен балықшы іздестіріліп жатыр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Белое ауылының маңындағы Белое көлінен ер адам іздестірілуде.
Атап айтқанда, судан құтқару қызметінің сүңгуірлері 57 жастағы ер адамды іздестіруде. Ол 25 сәуір күні балық аулауға шығып, үйіне оралмаған. Туған-туыстары оны тек 2 күн өткеннен кейін ғана іздестіре бастаған, деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметінен.