СҚО-да жол апатынан зардап шеккен балалар ауыр халде жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Есіл ауданы орталығы маңында жол-көлік апатынан зардап шеккен екі жасөспірім тұрақты ауыр халде жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Балалардың жай-күйі мен жол-көлік апатының себебі жайлы Солтүстік Қазақстан облысы ІІД басшысы Берік Біләлов брифинг барысында айтып берді. Полиция мекемесі басшысының хабарлауынша, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өз көлігімен балаларды көрші аудандағы жарысқа алып шыққан.

«Сол күні қар жауып, жолда көктайғақ пайда болған. Көлікті басқара алмаған жүргізуші қарсы жолаққа шығып кеткен. Мұғалім апат орнында бақилық болды. Ал балалар ауруханада жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр. Оларға қажетті көмектің барлығы көрсетілді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, сараптама тағайындалды», - деді Берік Біләлов.

Облыстық білім беру басқармасы мұғалімнің не себеппен жарысқа өз көлігімен шыққанын анықтау үшін комиссия құрды. Заң бойынша, балаларды арнайы көлікпен және жол полициясының алып жүруімен ғана тасымалдауға рұқсат етілген.

Еске сала кетсек, автокөлік апаты 14 қазан күні орын алды. Volkswagen Golf автокөлігін басқарған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қаза тапты. Екі бала Явленка ауданының орталық ауруханасында жатыр.

Соңғы жаңалықтар