СҚО-да жол қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Солтүстік Қазақстан облысында қозғалысқа шектеу енгізілгенін хабарлады.

трасса. дорога, жол
Фото: Александр Павский / Kazinform

– 2026 жылғы 2 қазан сағат 17:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автомобиль жолының 875-шақырымында (Покровский көпірі) көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген хабарламада. 

Мамандар жүргізушілерден аталған учаскеде жол белгілерінің талаптарын сақтап, маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Айта кетейік, Астанада кептелісті азайту үшін көлік қозғалысы автоматтандырылады.