СҚО-да жол жабылды: ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады
АСТАНА. KAZINFORM - Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
- 06.08.2026 ж. сағат 09:00-де теміржол өткелінің төсемін қайта құрастыру бойынша жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты республикалық маңызы бар «Петропавл қаласының айналма жолы» автомобиль жолының 7-шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.
Жолды 2026 жылғы 6 тамыз сағат 18:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, елімізде 65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты медициналық тексеру мәселесі қызу талқыланып жатыр. Кейбір азаматтар мұны жаңа талап деп қабылдап, жүргізуші куәлігінен айырылып қаламыз ба деген алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі ресми түсіндірме беріп, қолданыстағы тәртіпті түсіндірді.