Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

СҚО-да жүкті әйелдің жол үстінде қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында 34 жастағы жүкті әйел көз жұмды.

Полиция выявила 130 нарушений миграционного законодательства в Астане
Фото: Polisia.kz

Әйелден қан кетіп, медициналық қызметкерлердің көмегі керек болған. Бірақ, жолдың нашарлығынан жедел жәрдем көлігі өте кеш келген. Салдарынан олар әйелдің өміріне араша түсе алмады. 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Тұрғындардың айтуынша, аудандағы жол сын көтермейді. Осыған орай азаматтық белсенді Серік Байбеков мәселені көтеріп, тиісті органдардың назарын аударды. 

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов «Пресновка-Қайранкөл» жолы бойынша ақпарат берді. 

- Пресновкадан бастап Қайранкөлге дейінгі жолдың жағдайы өзекті мәселе. Бұл учаскенің ұзындығы – 98 км. Соның ішінде Благовещенка елді мекенінен Қайранкөлге дейінгі аралық жол өте нашар.

Бұл учаске бойынша облыс әкімі бірінші кезекте қаржыландыру туралы тапсырма берді. Қазіргі уақытта жұмысты үш кезеңде жүргізетін боламыз. Бірінші кезеңде Қайранкөл ауылынан Украинский елді мекеніне дейін жөнделеді.

Екінші кезеңде Благовещенкаға дейінгі аралық қамтылады. Соңында Пресновкаға дейін жол салынады, - дейді Нұрлан Кеңесов.

Облыс әкімі орынбасарысының айтуынша, бүгінде бірінші кезең бойынша жобалық-сметалық құжат дайын тұр. Сараптама шықты, жақында мердігер компания анықталып, жұмыс басталады. 

- Украинскийден Благовещенкаға дейінгі аралық екі кезеңмен, 20 км-ден жөнделеді. Барлық қажетті – алқаптық зерттеулерді жүргіздік, ол жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажет.

Жалпы бізде осы жолды жөндеуге қатысты нақты жоспар бар. Яғни алдағы екі жылда бұл учаске толық жөнделеді, - деді Нұрлан Кеңесов.

Бұған дейін Ақтөбедегі дауыл кезінде зардап шеккен жүкті әйел жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік.