02:45, 20 Қараша 2025 | GMT +5
СҚО-да жұмысшы астық сақтау қоймасына құлап, мерт болды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында болды.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қараша күні Ақжар ауданындағы ауылшаруашылығы кәсіпорындарының бірінде 34 жастағы әйел биіктен астық сақтау қоймасына құлап кеткен.
Еңбекті қорғау заңнамасын бұзу дерегіне орай полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы әйел 30 метрлік биіктіктен астық толы қоймаға құлап кеткен.
Бұған дейін Жетісайдағы өрттен зардап шеккен науқас Шымкентке жеткізілгенін жазған едік.
Жетісай ауданындағы өрт кезінде жалпы 12 адам қаза тапты, оның 9-ы кәмелет жасқа толмағандар. 3 адам аман қалды.