СҚО-да жұмыспен қамтылған халықтың саны артуда

ПЕТРОПАВЛ. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамтылған халықтың саны артып келеді. Бұл туралы облыстық статистика департаментінен хабарлап отыр.
None
None

2013 жылдың 1 сәуіріндегі алдын ала ақпарға сәйкес, аймақта шағын және орта кәсіпкерліктің 24 мың 042 өкілі белсенді түрде еңбек етсе, оның 78,8 % - жеке кәсіпкерлер, 11,9% - шаруа қожалықтары және 9,3% заңды тұлғалар болып табылады.

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, белсенді шағын және орта кәсіпкерліктің өкілдері 16,9% артқан.

Биылғы 1 сәуір күнгі мәліметке сүйенсек, шағын және орта бизнесте 111,4 мың адам нәпақасын айырып отыр. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда салада еңбек ететіндердің қатары 15,6 пайызға көбейген.

2013 жылдың ақпан-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 54,8 млрд. теңгеге өнім шығарып, қызмет көрсетті. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,2 пайызға еселенді.

Соңғы жаңалықтар