СҚО-да жыл басынан бері 124 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды - Е.Сұлтанов
Ерік Сұлтановтың сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасымен, өңірде жекешелендіру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Бүгін облыста жекешелендіруге жататын 39 ұйым бар.
Инвестициялық белсенділікті арттыру бойынша ауқымды шаруа атқару қажет.
«Жалпы өңірде инвестициялық қызмет алға басып келеді. 10 айда облысқа 124 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Өсім 34% құрады. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бес жылдығы аясында ағымдағы жылы 4,7 млрд. теңгенің 12 инвестициялық жобасы жүзеге асты. Осылайша 370 жұмыс орны құрылды. 10 айда ауыл шаруашылығына құйылған инвестиция көлемі 39 млрд. теңгені құрады, құны 500 млн. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. «Қызылжар су» ЖШС-ға 2,2 млрд. теңге көлемінде қарыз алу бойынша Еуропалық Қайта құру және Даму банкімен несие шартына қол қойылды. Бұл қаражат Петропавл қаласын сумен қамту және су тарату жүйесін жаңғырту және қалпына келтіруге бағытталмақ», - деп атап өтті Ерік Сұлтанов.