СҚО-да жыл басынан бері «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына 100 жас маман қатысты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына 100 жас маман қатысқан.
None
None

Бұл туралы СҚО экономика басқармасының ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің жетекшісі Жанар Ахниева ақпараттандырды.

«Біздің облысымызға 2015 жылға бюджеттік несие түрінде 416 млн. 220 мың теңге жіберілген. Жергілікті бюджетте 44 млн. теңге көлеміндегі қаражат қарастырылған. 1 қазанда 98 маманға 264 млн. теңгеге бюджеттік несиелер бөлінді. 70 жас маман білім саласында жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 206 маманға 28,6 млн. теңгеге жәрдемақы берілді», - деді Ж.Ахниева.

Соңғы жаңалықтар