СҚО-да жылыжайдың құрылысына 147 мың бөтелке жұмсалған (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда кәсіпкер Мұрат Жұмабеков Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Неженка Ерке ауылында бірнеше жыл бұрын 147 мың шыны шөлмектен жылыжай салды.
None
None

«Жылыжайды 2010 жылы шыны шөлмектерден салдық. Олардың ауыздарын бір-біріне қарай екі қатармен салдық. Құрылысқа түрлі пішіндегі 147 мың бөтелке кетті. Бұл жерде идея бөтелкелердің жер-жерде жатпауы үшін оларды жинау болды. Теледидардан көптеген елдерде түрлі ғимараттар салынып жатқанын көріп, біз де көргіміз келді. Оған қоса, шынының жартылай ыдырау кезеңі мың жылға жуық уақытты алады. Шатырын поликарбонатпен жаптық. Мұнда өте жылы. Жыл бойы қызанақ, қияр, баялды өсіріп жүрміз. Мұндағы барлық өнім мектеп асханасына жіберіледі. Біз 177 оқушыны тегін тамақтандырып отырмыз», - деп ақпараттандырды «Неженка Ерке» ЖШС-нің директоры Мұрат Жұмабеков.

Соңғы жаңалықтар