СҚО-да зиратқа барған әйелге ағаш құлап, мерт болды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Булаев қаласындағы зиратқа туған-туысының басына барған әйелдің үстіне ағаш құлап кетті.

жедел жәрдем
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

М.Жұмабаев аудандық ауруханасының мәліметінше, емдеу мекемесіне шақырту сағат 12.00 шамасында түскен. Жарақат алған 69 жастағы әйелдің жағдайы ауыр болған. Оған ашық бас-ми жарақаты диагнозы қойылды. 

Бірден аудандық ауруханаға жеткізіліп, жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді. Алайда, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. 

СҚО-да кеше көтерілген қатты жел басылар емес. Баспаналардың шатырын жұлып әкету фактілері де бар. 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, дауыл Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское елді мекені Локомотивный, 29 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің шатырын жұлып әкеткен. Зардап шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ. 

Бұған дейін Петропавлда бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар