СҚО-ға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 87 жас маман келді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 87 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушысы атанды. Тұрғын үй алу үшін оларға 235 млн. теңге берілді. Қарызды ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы рәсімдеді.
None
None

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында мемлекет жас мамандарға баспаналы болуы үшін бюджеттік несие береді. Ол 15 жылға дейін 0,01 жылдық сыйақымен беріледі. Жыл басынан 87 жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қатысушысы атанды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жалпы сомасы 235 млн. теңге болатын бюджеттік несие рәсімдеп, тұрғын үй сатып алды. 2010 - 2014 жылдары аралығында аталған бағдарлама бойынша жалпы сомасы 1 млрд. 685 млн. теңгені құрайтын 917 қарыз рәсімдеді», - деп ақпараттандырды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚФ маманы Азамат Жанбеков.

Соңғы жаңалықтар