СҚО-ғы «Радуга» кәсіпорнында пластмассадан 60-тан астам түрлі бұйымдар жасалады (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО Қызылжар ауданындағы «Радуга» ЖШС-де 3 жыл бойы ескі полиэтилен пакеттерін қайта өңдеп, олардан пластмасса бұйымдарын жасайды.
None
None

Солтүстікқазақстандықтар инновациялық технологиялар бойынша жұмыс істеуде.

«Гранула өндірісімен айналысып жүргенімізге үш жылдан асты. Басында бір желі, содан кейін одан да мықтырақ екіншісін сатып алдық. Шикізатты бүкіл Қазақстан бойынша сатып алудамыз. Бұл Астана, Қарағанды, Ақтөбе қалалары. Біз парниктік пленка, басқа қалдықтар, қаптамаларды қабылдаймыз. Көлемі - айына 120-150 тонна. Одан 120 тонна гранула алуға болады», - деп ақпараттандырды «Радуга» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Евгений Токушев.

Солтүстікқазақстандық «Радуга» кәсіпорнында барлығы 60-тан астам пластмасса бұйымдары шығарылады. Бұл леген-шаралар, шелектер, қалақ, себет, киімдерге арналған ілгешектер. Серіктестікте полиэтилен пакеттерінің өндірісі де ретке келтірілген, сондай-ақ киім кептіру үшін жаятын бұйымдар мен құбырлар жасалады. Жыл басынан бері 300 млн. теңгеге өнім сатылды, жыл соңына дейін тағы 100 млн. теңгеге сату жоспарланып отыр. Кәсіпорын өз өнімдерін Қазақстан бойынша сатуда.

Соңғы жаңалықтар