СҚО каратэшілері Еуразия Кубогінде екі алтын медальді жеңіп алды

Түрлі жас және салмақ дәрежесінде ұйымдастырылған жарыс Ресейдің Барнаул қаласында өтті және ол екі күнге жалғасты. Бірінші күні онда17 спортшы өнер көрсетті. Алтын медальды Екатерина Серяцкая жеңіп алды. Ал, күміс медальды Григория Григораша мен Евгения Стучкова иеленді. Төрт «қола» Станислав Фатеев, Артем Евдокимов, Артем Сайдлер мен Сұлтан Жетпісовке бұйырды.
Жарыстың екінші күнінде Денис Бухановский алтын, Алексей Бойко қола медальды еншіледі. Барлығы осы күні 7 жекпе-жек шебері бақ сынаған болатын.
Жалпыкомандалық есепте екі жыл қатарынан Қазақстан командасы бірінші орында келеді, 2-ші орынды ресейліктер, үшінші орынды ирандықтар алды.
Қазір шығыс жекпе-жегінің шеберлері халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындық үстінде. Облыстың бас бапкері Евгений Дулов (қара белбеу иегері II дан) 2017 жылдың қаңтарында Окинава аралында өтетін әлем чемпионатына барады.