СҚО Қызылжар ауданында тасқыннан қырылған малға 2,4 млн теңге өтемақы төленді

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тасқыннан зардап шеккендерге бүгінге дейін 60-қа жуық баспана сатып алынды. Жалпы мұнда 1 546 үй су астында қалып, зақымданған еді. 

СҚО Қызылжар ауданында тасқында қырылған малға 2,4 млн теңге өтемақы төленді
Фото: «AMANAT» партиясы СҚО филиалы

«AMANAT» партиясы СҚО филиалының мәліметінше, Қызылжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдықтарға тұрғын үй беру және баспаналарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасқан. Тұрғындардың кейбірі материалдық көмек алып, өздері үйлерін жөндеп жатыр.

Өңірге іс-сапармен келген Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода су тасқыны салдарын жою жұмыстарын көрді. Ольшанка, Вишневка, Соколовка және Вагулино ауылдарына барып, тұрғындармен кездесті. 

Депутат
Фото: «AMANAT» партиясы СҚО филиалы
Депутат
Фото: «AMANAT» партиясы СҚО филиалы

«Су тасқыны кезінде құрылған комиссия Үкіметтің қаулысымен бекітілген Заң бойынша жұмыс атқарып жатыр. Қызылжар ауданында сатып алынатын тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 90 мыңнан басталып 283 мың теңгеге дейін жетеді. Мамандар үйді баспананың орналасқан жерін негізге алып бағалайды. Осы орайда суға кеткен үйдің ауданы мен отбасы мүшелері міндетті түрде ескеріледі», - деді Дмитрий Колода.

Бұдан басқа, Қызылжар ауданында суға батқан, жоғалған мал үшін 2,4 млн теңге мөлшерінде өтемақы төленіп, 100% орындалды. Жалпы су тасқыны кезінде бұл ауданда 27 бас мал қырылған.

Бұған дейін Петропавлда құны 5,3 млрд теңге болатын көпір салынып жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар