Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

СҚО-лық жеңіл атлет Ялтадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық спортшы Юлия Пропустина Ялтада жазғы президенттік көпсайыстан өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы СҚО Денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

СҚО-лық жеңіл атлет Ялтадағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

«16-22 қыркүйек күндері Ялтада президенттік көпсайыстан жазғы әлем чемпионаты өтті. Бұл сайысқа Қазақстан атынан солтүстікқазақстандық Юлия Пропустина қатысты. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 25 жастағы Юлия бірінші рет әлемдік біріншіліктің жеңімпазы тұғыранынан көріне білді. Бұған дейін ол әлемдік додаларда тек төртінші, алтыншы орындарды місе тұтып келген болатын. Ялтада спортшымыз үздік нәтиже көрсете алды», делінген хабарламада.