СҚО-дағы Мағжан Жұмабаев ауданына Рахат Смағұлов әкім болып тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Рахат Смағұлов Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып тағайындалды. 

СҚО Мағжан Жұмабаев ауданына Рахат Смағұлов әкім болып тағайындалды
Фото: СҚО әкімдігі

Рахат Смағұлов 1982 жылы Ресейдің Омбы облысында Есілкөл ауданындағы Қасқат елді мекенінде дүниеге келген.

2004 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2004 жылы туған ауылында – Қасқат селолық әкімшілігінде маман болып бастады.

2005-2015 жылдар аралығында облыстың ауыл шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы билік органдарында түрлі қызметтер атқарды.

2015-2019 жылдары М. Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары болды.

2019-2020 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының жетекшісі лауазымында еңбек етті.

Ал, 2020 жылдың шілдесінен бастап осы тағайындауға дейін Шал ақын ауданының әкімі болып еңбек етті.

Бұған дейін М. Жұмабаев ауданын Қайрат Омаров басқарған.

Еске салсақ, ШҚО Ұлан ауданының әкімі болып Арман Бекбосынов тағайындалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар