СҚО: «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында ОҚО-ның 50 талапкері оқуға келді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 30 тамыз күні СҚО-лықтар Петропавл қаласының темір жол колледжінде «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында білім алуға келген 50 оңтүстікқазақстандық талапкерді салтанатты түрде қарсы алды.
None
None

Петропавлдағы темір жол колледжі - облыстағы «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасына қатысып жатқан жалғыз оқу орны.

«Құрметті студенттер! Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылғандай, көлік инфрақұрылымы елдің индустриялы экономикасының негізгі бағыттарының бірі. Сіздердің алатын мамандықтарыңыздың маңыздылығы да осында жатыр», - деді СҚО әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова оларды қарсы алу шарасында.

Темір жол колледжінде студенттер «Электрмен қамтамасыз ету», «Эксплуатация, жөндеу және темір жолдың қозғалысты бөлігіне техникалық қызмет көрсету» мамандықтары бойынша тегін білім алады. Олардың бір жылдық оқуына мемлекет тарапынан 400 мың теңге бөлінеді. Оған қоса, студенттер ай сайын шәкіртақы алып тұрады және бәрі жатақханаға орналастырылады.

Соңғы жаңалықтар