СҚО-ның Айыртау ауданында еліктерді заңсыз аулау фактісі ашылды
ПЕТРОПАВЛ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында еліктерді заңсыз аулау фактісі ашылды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Жергілікті қорықшылар Айыртау АІІБ-ның учаскелік инспекторына телефон шалып, «Урал» мотоциклымен келген белгісіз аңшылар орман сілемінің қасында аңшылықпен айналысып жатқанын хабарлап, көмек сұрады.
Полиция капитаны Қанат Төлендинов жергілікті аңшымен Жоғарғы Бүрлік ауылы жағынан шықты. Мотоцикл жаңбырдан кейінгі батпаққа батып қалды, екі жақтан келген қорықшылар мен полицейлер бұл жерде Жоғарғы Бүрлік ауылының олжалы болған екі тұрғынын ұстады - олар рұқсат беретін ешқандай құжаттарсыз үш елікті атқан, олардан 16-шы калибрлі «ИЖ» мылтығы, із кесетін шам және оған арналған аккумуляторлар алынды. Тәркіленген мылтықтың тіркелмегені анықталды.
Айыртау АІІБ-нің шақырылған жедел-тергеу тобы браконьерлерді аудандық бөлімге жеткізді. Заңсыз аңшылықпен айналысу фактісімен қылмыстық іс қозғалды, аңшылар ешқайда кетпеу қолхаттарын толтырды.