Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

СҚО-ның денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Владимир Безлер тағайындалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО-ның денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Владимир Безлер, 1976 жылы Көкшетау қаласында туған.  «Дәрігер-хирург» мамандығы бойынша Ақмола мемлекеттік медициналық академиясын,  «Денсаулық сақтау менеджері» мамандығы бойынша Қоғам денсаулығының жоғары мектебін  бітірген.

2003-2011 жылдары нейрохирургиялық бөлімшеде дәрігер-нейрохирург болып жұмыс істеді. Петропавл қаласы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің мас маманы, бастығы, басқарма бастығының орынбасары болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі стратегиялық даму депараменті басқармасының бөлімдерінде екі жыл бастық лауазымында болды.

2013-2017 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы, Денсаулық сақтау министрлігінің ішкі әкімшілік департаментінің директоры.

2017 жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әкімшілік департамент директорының орынбасары болып қызмет атқарды.