СҚО облыстық сайлау комиссиясы С. Біләловтың кандидатурасын ҚР Парламент Сенатының депутаттығына тіркеді

ПЕТРОПАВЛ. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

СҚО облыстық сайлау комиссиясы С. Біләловтың кандидатурасын ҚР Парламент Сенатының депутаттығына тіркеді

Халық қалаулылары ҚР Парламент Сенатының депутаттығына кандидатты тіркеу мәселесін қарарды. Олар Сенаттың депутаттығына Біләлов Серік Сұлтанғазыұлының кандидатурасын тіркеді. «Нұр Отан» ХДП мүшесін Сенатқа сондай-ақ М.Жұмабаев және Тайынша аудандық мәслихаттары да ұсынды.

Айта кетейік, бұған дейін С. Біләлов Солтүстік Қазақстан облысының депутаты болып қызмет атқарды.