СҚО полицейлері көп мөлшерде ұрланған алтын және күміс бұйымдарды тапты
ПЕТРОПАВЛ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ішкі істер бөлімінің шұғыл із кесушілері Сергеев ауданы орталығындағы дүкеннен ұрланған, жалпы сомасы бір жарым млн. теңгеге бағаланған алтын және күміс бұйымдарды тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін СҚО ІІД-інде өткен брифингіде хабарлағандай, кезекші бөлімге осы жылғы наурыздың 26-ында таңғы 4-5-терде «Рубин» дүкенінен зергерлік бұйымдардың ұрланғаны туралы хабар түседі. Белгісіз адам дүкен ішіне терезені алып тастап енгені белгілі болды. Дүкенде не күзетші, не дабыл беру жабдығы болмаған. Ұры өзінен кейін ешқандай із қалдырмағандықтан, оқиға орнын тексеру ешқандай да ілік бермеді. Дегенмен, келіп түскен шұғыл ақпарат бойынша, бір аптадан кейін полиция қызметкерлері осы ұрлыққа қатысты деген күдіктіні қолға түсірді. Ол, 34 жастағы жергілікті мекеменің күзетшісі болып жұмыс жасайтын, қауіпсіздік саласының қызметкері болып шықты. Шұғыл із кесушілер ұрланған бұйымдарды оның үйінен тауып алды. Ұрланған заттың барлығы қайтарылды, осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, сұғанақ қамауға алынды.