17:01, 22 Қараша 2011 | GMT +5
СҚО полицейлері Таразда қайтыс болған әріптестерінің отбасыларына қаржылай көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды
ТРОПАВЛ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Таразда қайтыс болған әріптестерінің отбасыларына қаржылай көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды, деп хабарлайды СҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Республикамыздың басқа облыстарындағы ішкі істер органдарының қызметкерлері сияқты СҚО полицейлері 12 қараша күні Жамбыл облысындағы Тараз қаласында болған қайғылы оқиғаға бей-жай қарай алмады.
Солтүстікқазақстандық полицейлер жинаған жалпы сома 6 миллион 128 мың теңгені құрады.