СҚО таэквандошылары Непалдағы чемпионатта 5 медаль олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таэквандодан Непал астанасы Катмандуда өткен Азия чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдені еншіледі.
None
None

Бұл туралы балалар мен жасөспірімдерге арналған күрес спорты мектебі директорының орынбасары Светлана Спесивцева хабарлады, деп жазады sports.kz.

Атап айтқанда, дүбірлі додада Халықаралық спорт шебері Илья Хван 1-орынды және туль бағдарламасы бойынша 2-орынды иеленді.

Сондай-ақ спорт шеберлігіне үміткер Айгүл Қадарменова жеке спарринг - 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 2-орынды және 1-ші дан бойынша жеке туль бағдарламасы бойынша 3-орынды, сонымен қатар командалық есепте спаррингте 3-орын алды.

Айта кетейік, чемпионат 19-24 ақпан аралығында өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум