СҚО тауар өндірушілері алғаш рет өз өнімдерін Алматыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ұсынды

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
«Астана» алаңында өз тауарларын үш облыс, 26 аудан, екі қала, сондай-ақ үш әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы: «Солтүстік», «Тараз» және «Алматы» ұсынды.
Ассортиментте өнімдердің 60-тан астам атауы болды. Оның жалпы көлемі - 385 тонна, соның ішінде ет өнімдері - 80 тонна, картоп - 83 тонна, көкөніс-жемістер - 126 тонна, сүт өнімдері - 34 тонна, балық - 2 тонна, шұжық өнімдері - 15 тонна, қант - 1 тонна, күріш - 12 тонна, ұн өнімдері - 32 тонна.
Павильондарды қарап шыққан Алматы әкімі Ахметжан Есімов ұйымдастырушылардың жәрмеңкені өткізудің басты міндеті - қалалықтарға азық-түлікті базардағы бағалардан төмен бағамен сатуды іске асыруға назар аударды. Алматылықтар ет, көкөністер, сүт және тағы басқаны 15-20 пайызға арзанырақ ала алды.
Барлығы 250 миллион теңгеге өнімдер әкелінді.