СҚО тұрғыны өз досының көлігін айдап әкетіп, жол-көлік апатына ұшырады
Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Омбы күре жолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткен соң, «ВАЗ-21012» көлігінің жүргізушісі алкогольды пайдаланғаны, құжаты болмағаны, жеке куәлігінің жоқтығы және көлікті жүргізу құқығы бар екенін растайтын құжаты жоқ екені анықталды. Жол-көлік апатының тууына кінәлі тұлға көлік иесі емес екені анықталды.
Ол жақын арада СҚО-дан өзінің Көкшетаудағы танысына келгенін айтты. Жұмысқа бара жатқан үй иесі көлігінің кілтін қонаққа беріп, көлікті жөндеуін сұраған. Оның орнына ер адам ішімдік ішіп, таныстарын алып, көліктің руліне отырған.
Алайда жүргізуші елді мекенге жете алмады. Жолда ол «Wolkswagen Golf» көлігіне соғылды. Полиция ақпаратынша, жол-көлік оқиғасына тап болғандар ауыр жарақат алмаған. «ВАЗ-21012» көлігі қалыпқа келтіруге жарамсыз болып қалды.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 200 бабы 1 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Ол көлік иесіне келтірілген материалдық залалдың орнын толтыруға міндеттелді.