08:48, 21 Сәуір 2014 | GMT +5
СҚО және Қарағанды облыстарында өрт салдарынан екі адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сұңқар ауылындағы жекеменшік тұрғын үйден бүгін түнгі сағат 00.10-дар шамасында өрт шықты. Жалын 140 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт таңғы сағат 05.30-дар шамасында ауыздықталды. Оқиға орнынан 1964 жылы туған азамат М.Масюрдің мүрдесі табылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД жеке құрамынан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомол ауылындағы жекеменшік тұрғын үйдің ауласына салынған моншадан түнгі сағат 03.45-те өрт шығып, оқиға орнынан 1954 жылы туған азамат М.Стуковтың денесі табылған. Өртті сөндіру жұмыстарына ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылып, 12 шаршы метр аумақты қамтыған жалын сағат 05.45-те ауыздықталған.