08:21, 09 Мамыр 2025 | GMT +5
Словакия премьерінің ұшағына Эстония, Литва және Латвия елдерінің үстінен ұшуға тыйым салынды
АСТАНА. KAZINFORM — Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Мәскеуге келіп, Жеңіс күніне арналған іс-шараларға қатыспақ. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазды.

Бұған дейін Эстония, Литва және Латвия оның ұшағына өздерінің әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салғаны хабарланған еді.
Саясаткердің ұшағына Мәскеуге жету үшін Венгрия, Румыния және Грузия аумағы арқылы ұзақ айналма жолмен ұшуға тура келді. Кешкі уақытта оның ұшағы Мәскеудің Внуково әуежайына қонды.
Бұған дейін Словакия премьер-министрі денсаулығында кінәрат барын хабарлаған еді.