Slovenia Nations Cup-2025: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шотландияны жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Словениядағы Slovenia Nations Cup-2025 турнирінде Қазақстан U-19 футбол құрамасы Шотландиядан басым түсті.  

Slovenia Nations Cup-2025: Қазақстан жастар құрамасы Шотландияны жеңді
Фото: ҚФФ

Халықаралық турнирдегі екінші ойынында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстандықтар сапынан Исмаил Бекболат пен Азамат Туяқбаев көзге түсті. Қарсылас команда сапынан Джошуа Ландерс гол соқты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін алғашқы ойында Кирилл Кекер жаттықтыратын футболшылар БАӘ құрамасын 5:1 есебімен жеңген болатын. 

Соңғы жаңалықтар