Словения Astana Smart City жобасын іске асыруға қызығушылық білдірді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбібуллаев Любляна мэриясының басшылығымен кездесіп, Астана мен Любляна арасындағы бауырластық қарым-қатынас орнату және Astana Smart City бастамасы аясында қалалық даму мен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл байланыстар қала шаруашылығын басқаруда тәжірибе алмасудың, бірлескен жобаларды іске асырудың және екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың маңызды платформасы ретінде қарастырылады.
— Словениялық тарап Астананың даму қарқынына, «Oxford Economics 2025» индексіндегі елорданың өзекті ұстанымына, сондай-ақ 2025 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан астанасы алдында Қазақстан Президенті белгілеген басым міндеттерге және Astana Smart City бойынша бастаманы іске асыруға шынайы қызығушылық танытты, — делінген хабарламада.
Тараптар қала құрылысы, муниципалды даму және қалалық коммуникация, қоршаған ортаны қорғау, қала тұрғындарының қауіпсіздігі, қалалық инфрақұрылымды дамытудағы ЖИ рөлі, елордалық трафик және шетелдік туристер мен инвестицияларды тарту бойынша тәжірибе алмасуға ерекше назар аударды.

Қазақстан мен Словения арасындағы дипломатиялық қатынастардың 35 жылдығына дайындық аясында тараптар бірқатар бірлескен мәдени іс-шараларды, Қазақстанның Люблянадағы күндерін іске асыру және мемлекеттеріміз бен олардың астаналары арасындағы ұзақ мерзімді әріптестік пен достықты одан әрі нығайту жөніндегі бастамаларды талқылады.
Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар былтыр наурыз айында Қазақстанға ресми сапармен келген болатын.