Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді

АСТАНА. KAZINFORM – 31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов /Kazinform

 Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді. Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді.

Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді.

Айта кетелік Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллерді қабылдаған еді.

Соңғы жаңалықтар