Смайылов Астана мен өңірлер арасындағы медицина сапасының алшақтығын төмендетуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат –Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет Астана мен өңірлер арасындағы медицина сапасының алшақтығын төмендетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Өңірлерде медициналық көмектің сапасын жақсарып, қолжетімді болуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі шараларды тұрақты негізде қабылдау қажет. Біз қала мен ауыл тұрғындары, өңірлер мен Астана арасындағы медициналық қызмет көрсету сапасының алшақтығын төмендетуге тиіспіз. Қазақстандықтар дәл осындай жағдайларға наразы», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол медицина қызметкерлері мен дәрі-дәрмектердің тапшылығы да қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітімнің көбеюіне себеп болып тұрғанын атады.

«Мысалы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында ауруды ерте бастан анықтау деңгейі өте төмен және қайтыс болу деңгейі жоғары. Бұл – жүйелі түрде шешуді қажет ететін өте маңызды мәселелер», - деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар