13:34, 26 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Сочиде Ресейдегі ең үлкен океанариум ашылады
АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат - Сенбі күні Сочиде Ресейдегі ең үлкен океанариумның ашылу салтанаты болады. Океанариумның баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Маяк» радиосының хабарлауынша, ондағы 26 көрме аквариумында 200 мыңнан астам теңіз және тұщы су балығы тіршілік етеді.

Курорттық Адлер қаласында салынған океанариум өз есігін қыркүйек айында ашуы керек еді. Бірақ кедендегі көпсағаттық кідірістің салдарынан ол жолы Қытайдан жеткізілген барлық балық қырылып қалды. Ал Sochi Discovery World инвесторлар теңізде тіршілік ететін экзотикалық балықтардың бірегей жиынтығын қайта жинауға тура келді.