Содырлар Ауғанстан президентінің қатысуымен өтіп жатқан бейбіт конференция жұмысын үзді
Бейбітшілік мәселелері бойынша дәстүрлі Лойи жырға жиналысы өтіп жатқан орынның қасында бірнеше лаңкестік шабуылдар жасалған. Бір жарылыс Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың сөз сөйлеп жатқан уақытында жарылды. Лаңкестік әрекеттер кесірінен президент тез арада жиналысты тастап кетті.
Ел құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, Х.Карзайдың сөз сөйлеу уақытында Кабулдың батыс аймағында іске қосылған реактивті снаряд жарылған. Ол конференция өтіп жатқан жерден 500 метрдегі Intercontinental қонақүйінің жанында жарылған. Х.Карзай сабырлық сақтап, «Біз мұндай оқиғаны бұрын да бастан кешіргеміз», - деп конференция қатысушыларын алаңдамауға шақырды.
Лаңгестікті жасаған «Талибан» ұйымдасқан тобы жауапкершілікті өзіне алды. Қазіргі таңда Ауғанстан жауынгерлері содырларға қарсы операция жүргізіп жатыр.