Соғыстан кейінгі Газа: бейбітшілік жоспары неге жүзеге аспай отыр
АСТАНА. KAZINFORM – Атысты тоқтату туралы келісім жасалғанына бір жылға жуықтаса да, Газа секторында жағдай әлі тұрақталған жоқ. Негізгі ұрыс қимылдары тоқтағанымен, әскери операциялар жалғасып жатыр. Kazinform тілшісі бейбітшілік жоспарының жүзеге асуына не кедергі болып отырғанын және саясаткерлердің соңғы мәлімдемелері нені меңзейтінін саралап көрді.
Қазір Газа секторындағы жағдай әлі де белгісіз күйде қалып отыр. Тараптар ХАМАС-тың қарудан бас тарту, Газаны басқаруды палестиналық жаңа әкімшілікке беру және соғыстан қираған аумақты қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр.
Алайда бұл жоспардың көбі әзірге келіссөз деңгейінде қалып отыр. Израиль әскері Газа секторының басым бөлігін әлі де бақылауда ұстап келеді, әуе соққылары мен әскери операциялар тоқтаған жоқ. Соның салдарынан бейбітшілік жоспарының келесі кезеңіне көшу мүмкін болмай тұр.
Келісім жасалғанымен, атыс тоқтаған жоқ
АҚШ, Мысыр, Катар және Түркияның делдал болуымен жасалған келісім 2025 жылғы қазанда күшіне еніп, Газа секторындағы кең ауқымды соғысты тоқтатты. Алайда Газада жекелеген әуе соққылары мен құрлықтағы әскери операциялар әлі де жалғасуда.
Израиль мұндай операцияларды жаңа шабуылдардың алдын алу және ХАМАС-тың әскери инфрақұрылымын қайта қалпына келтіруіне жол бермеу үшін жүргізіп жатқанын айтады. Ал ХАМАС Израильді бітім шарттарын бұзып, бейбітшілік жоспарының әрі қарай орындалуына кедергі келтіріп отыр деп айыптайды.
Соңғы айлардағы ірі операциялардың бірі 1 қыркүйекте Газа қаласында өтті. Израиль арнайы жасағы ХАМАС-тың ішкі қауіпсіздік қызметіндегі ықпалды тұлғалардың бірі Муин әл-Арабидті қолға түсірді. Операция кезінде жасалған соққылардан алты палестиналық қаза тапты, оның ішінде балалар да бар.
WATCH: Israeli special forces captured Muin al-Arabid — head of Hamas's internal security in Gaza — in a Shin Bet-led raid in western Gaza City today. Firefight broke out, IDF used airstrikes to cover extraction. Al-Arabid wounded, taken to Israel. Hamas disputes his seniority and calls it a failed "kidnap."
— Clash Report (@clashreport) September 1, 2026
Газа денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, бітім күшіне енгеннен бері Израиль күштерінің әрекетінен 1,3 мыңнан астам палестиналық қаза болған. Израиль осы кезеңде палестиналық қарулы топтардың шабуылдарынан төрт әскери қызметкерінен айырылғанын хабарлады.
IDF troops killed two Palestinians who crossed the "Yellow Line" in the Strip's north earlier today, the military says. The IDF says troops spotted "two terrorists crossing the Yellow Line and approaching forces in a manner that posed an immediate threat." The soldiers then "eliminated the terrorists to remove the threat," the military adds. Earlier, the IDF said another Palestinian who crossed the Yellow Line was killed in an airstrike.
— Emanuel (Mannie) Fabian (@manniefabian) September 3, 2026
Fear and panic among children in Gaza as an Israeli army special forces unit infiltrated western Gaza City. Several Palestinians were killed during the incursion. https://t.co/FimX2lQ8YS
— TIMES OF GAZA (@Timesofgaza) September 1, 2026
Демек, атысты тоқтату режимі Газадағы ірі шайқастарды доғарғанымен, тыныштық орнатқан жоқ. Келісім Израильге ХАМАС-қа қарсы жекелеген әскери операциялар жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Алғашқы қадамды кім жасауы керек
Тараптар алдымен ХАМАС қарусыздануы керек пе, әлде Израиль әскері Газадан шығуы керек пе деген мәселеде келісімге келе алмай отыр.
30 шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС пен басқа да палестиналық қарулы топтарды кезең-кезеңімен толық қарусыздандыру жөніндегі жол картасы дайын болғанын жариялады. Жоспар бойынша Газадағы азаматтық басқару мен ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті Газаны басқару жөніндегі ұлттық комитетке берілуі керек.
A Roadmap for Completing the Implementation of President Trump’s Comprehensive Peace Plan in Gaza + Explanatory Document: Key Elements of the Arrangement and the Meaning of Its Provisions https://t.co/lDdzDKMDFR
— Board of Peace (@BoardOfPeace) August 1, 2026
ХАМАС пен басқа да палестиналық топтардың қаруы қолданыстан шығарылып, осы комитеттің бақылауына берілуге тиіс. Ал әскери нысандар, қару-жарақ қоймалары мен тоннельдер халықаралық бақылаумен жойылуы қажет.
Жоспар бойынша ХАМАС пен басқа да палестиналық топтар қаруын тапсырып, оны жаңа комитеттің бақылауына беруі керек. Әскери нысандар, қару-жарақ қоймалары мен тоннельдер халықаралық бақылаумен жойылуы тиіс. Жол картасында қарудың Израильге немесе палестиналық емес басқа тараптарға берілмейтіні де көрсетілген.
ХАМАС қаруын тапсырған кезде Израиль әскері өзі бақылап отырған аумақтардан біртіндеп шегінуі керек. Ал келісімнің орындалуын халықаралық комиссия мен Халықаралық тұрақтандыру күштері бақылайды.
Алайда осы тұстан бастап тараптардың ұстанымы екіге бөлінеді.
ХАМАС алдымен Израиль соққыларын тоқтатып, әскерін алып кете бастауы керек деп есептейді. Израиль болса, ХАМАС толық қарудан бас тартпайынша, әскер қазіргі «сары сызықтан» шегінбейтінін мәлімдеп отыр.
– ХАМАС қаруын тапсырмайынша, Израиль әскері қазіргі «сары сызықтан» шегінбейді, - деді аты-жөні аталмаған израильдік шенеунік Reuters агенттігіне.
ХАМАС өкілдерінің талабы керісінше. Олардың айтуынша, алдымен Израиль шабуылдарын тоқтатып, бұған дейін алған міндеттемелерін орындауы қажет. Содан кейін ғана қозғалыс қаруды палестиналық жаңа әкімшілікке сақтауға беру мәселесін талқылауға дайын.
Осылайша, екі жақ та алғашқы қадамды қарсы тарап жасауы керек деп отыр. Бұл мәселе шешілмейінше, бейбітшілік жоспары да алға жылжымайды.
Үкімет таратылды, бірақ бұрынғы жүйе жұмысын жалғастырып жатыр
Шілдеде ХАМАС Газадағы үкіметін таратып, билікті Газаны басқару жөніндегі ұлттық комитетке беруге дайын екенін мәлімдеді.
Палестиналық инженер әрі бұрынғы шенеунік Әли Шаат басқаратын жаңа құрылым мемлекеттік органдардың, коммуналдық қызметтердің, полицияның, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің жұмысын қалпына келтіруге тиіс. Сондай-ақ халықаралық көмекті бөлу мен Газаны қайта қалпына келтіру жұмыстарын басқару да осы комитетке жүктелмек.
Today, as my first official act, I adopted and signed the NCAG Mission Statement, affirming our governing mandate and operating principles: Authorized by the UN Security Council Resolution 2803 and President Donald J. Trump’s 20-Point Peace Plan, the National Committee for the Administration of Gaza is dedicated to transforming the transitional period in Gaza into a foundation for lasting Palestinian prosperity. Under the guidance of the Board of Peace, chaired by President Donald J. Trump, and with the support and assistance of the High Representative for Gaza, our mission is to rebuild the Gaza Strip not just in infrastructure but also in spirit. We are committed to establishing security, restoring the essential services that form the bedrock of human dignity such as electricity, water, healthcare, and education, as well as cultivating a society rooted in peace, democracy, and justice. Operating with the highest standards of integrity and transparency, the NCAG will forge a productive economy capable of replacing unemployment with opportunity for all. We embrace peace, through which we strive to secure the path to true Palestinian rights and self determination.
— Dr. Ali Shaath (@AliShaathNCAG) January 17, 2026
Алайда ХАМАС үкіметінің таратылғаны жарияланғанымен, жергілікті жердегі басқару жүйесі әзірге өзгерген жоқ. Министрліктер мен ХАМАС тағайындаған қызметкерлер жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қозғалыс өзі бақылап отырған аудандарда қауіпсіздік пен полицияны да әлі басқарады.
Ал Әли Шаат басқаратын комитет әзірге Газада емес, Каирде жұмыс істеп отыр. Онда комитет Газаны қалпына келтіруге қаржы бөлуі мүмкін елдер мен ұйымдармен келіссөз жүргізіп, тиісті жоспарларды әзірлеп жатыр. Бірақ Газаны басқаруға әлі кіріскен жоқ.
Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар ХАМАС үкіметін тарату туралы шешімді «тактикалық қадам» деп бағалады. Оның пікірінше, қозғалыстың қаруы мен өзіне бағынатын күштік құрылымдары сақталған кезде ХАМАС кез келген азаматтық әкімшіліктің жұмысына ықпал ете алады.
«Сары сызықтың» ар жағындағы өмір
Келіссөздерден нәтиже шығатын түрі жоқ, ал Газа аумағы да біртіндеп бөлініп барады. Израиль әскері сектордың 60 пайыздан астамын бақылауда ұстап отыр. Израиль бұл аумақтарды жаңа шабуылдардан қорғану үшін бақылауда ұстап отырғанын айтады.
Ал шамамен 2 миллион палестиналық Газа аумағының 30 пайызға жуық бөлігіне шоғырланған. Оның едәуір бөлігі қираған немесе шатырлы лагерьлерге айналған. Соғысқа дейін егін және басқа да ауыл шаруашылығы жұмыстарына пайдаланылған жерлердің басым бөлігі қазір Израиль әскерінің бақылауында немесе «сары сызыққа» жақын орналасқан.
Халықаралық ақпарат құралдары мен зерттеушілердің мәліметінше, екі аумақтың шекарасын белгілейтін бетон блоктар палестиналықтар тұратын аумаққа қарай жылжып келеді. Forensic Architecture зерттеу институтының талдауы Израильдің соңғы бір жылда Газа аумағындағы бақылауын 53 пайыздан 64 пайызға дейін ұлғайтқанын көрсетеді.
In Gaza, the Israeli military is installing gates between the earth berms which mark the ‘yellow line’. Similar to those used in the West Bank, the new gates allow Israel to further control the movement of people and goods in and out of the area where Palestinians are concentrated. They are part of a system of Israeli military infrastructure that extends and consolidates its control during the ceasefire.
— Forensic Architecture (@ForensicArchi) August 28, 2026
Осылайша, әскерлерді бөліп тұрған «сары сызық» біртіндеп шекараға айналып барады. Оның бойында Израиль жаңа әскери бекеттер салып, қорғаныс үшін топырақтан қорғаным үйінділерін тұрғызған.
2026 жылғы сәуірде Израиль атысты тоқтату шебі саналатын «сары сызықтан» батысқа қарай бірнеше жүз метр жерде «қызғылт сары сызық» енгізді. Бұл аумақты бақылау және гуманитарлық ұйымдардың жұмысын шектеу үшін жасалған. Израиль бұл шараның сол жерде тұратын палестиналықтарға әсер етпейтінін мәлімдеген. Алайда Израиль әскері екі сызықтың арасындағы аумақтан палестиналықтарды ығыстырып, жерді өз бақылауына ала бастаған.
Бақылаудағы аумақтың кеңеюі Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудің мамыр айының соңында жасаған мәлімдемесінен кейін жалғасып отыр. Ол Израиль әскеріне Газа аумағының 70 пайызына дейін іс жүзінде бақылауға алу тапсырылғанын айтқан.
Қазіргі жағдай сақталса, уақытша әскери бөлініс ұзақ мерзімге созылып кетуі мүмкін. Оның үстіне бұл тұрғын үй салуға, ауыл шаруашылығына және болашақта Газаны қалпына келтіруге пайдалануға болатын жер көлемін азайтып отыр.
БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бағалауынша, қазір Газадағы ауыл шаруашылығы жерлерінің небәрі 3 пайызға жуығы ғана бүлінбеген әрі пайдалануға қолжетімді. Соғысқа дейін ауыл шаруашылығы мен балық аулау 560 мыңға жуық тұрғынның негізгі немесе қосымша күнкөріс көзі болған.
Гуманитарлық жағдай да ауыр. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының дерегінше, Газада әр бесінші отбасы күніне бір-ақ рет тамақтанады. Ал отбасылардың жартысына жуығы соңғы бір айда кемінде бір рет азық-түліксіз қалған.
Қираған Газаны ауқымды түрде қалпына келтіру жұмыстары да әлі басталған жоқ. Ол үшін Газадағы билік жаңа әкімшілікке өтіп, қарулы топтар қаруын тапсыруы және Израиль әскерін шығару мәселесі шешілуі керек. Бұл шарттар орындалмайынша, толыққанды қалпына келтіру жұмыстарының басталуы екіталай.
Израильдегі сайлау қарусыздану процесін кейінге ысырып отыр
АҚШ ХАМАС-тың қаруын тапсыру процесін Израильдегі парламент сайлауына дейін бастауды жоспарлаған еді. 17 тамызда АҚШ-тың арнайы өкілі Джаред Кушнер алғашқы қару-жарақ 30 күннің ішінде палестиналық жаңа әкімшілікке берілуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Алайда The Times of Israel басылымының жазуынша, келіссөзге қатысып отырған үш елдің дипломаттары бұл жоспар белгіленген мерзімде орындалады деп күтпейді. Олардың айтуынша, бұған Израильдің ұстанымы кедергі болып отыр.
Бейбітшілік кеңесі ұсынған тәртіп бойынша қаруды тапсыру кезең-кезеңімен жүзеге асуы тиіс: белгілі бір ауданда қарудың қолданыстан шығарылғаны расталған соң, Израиль әскері сол жерден кетуі керек. Нетаньяху бұған келіспейді. Ол алдымен бүкіл Газа толық қарудан бас тартып, содан кейін ғана Израиль әскері «сары сызықтан» шегінуі керек деген ұстанымда.
Kushner urges Netanyahu to test Hamas disarmament in Gaza https://t.co/PYFDuNYv5B
— Axios (@axios) August 17, 2026
Трамптың өкілі Джаред Кушнер Израиль премьер-министрімен кездесу кезінде соққыларды тек тікелей қауіп төнген жағдайда ғана жасауды ұсынған. Бірақ Нетаньяху 2023 жылғы 7 қазандағы шабуылға қатысқандарға қарсы операцияларды жалғастыру қажет екенін айтқан.
Осыдан кейін ХАМАС Израиль шабуылдарын тоқтатпайынша, қаруын тапсырмайтынын келіссөзге қатысып отырған елдерге жеткізді.
– Израиль ұсынысты мүлде орындамай отырған кезде, ХАМАС-тан оны сақтауды талап ету қиын, - деді Таяу Шығыстағы келіссөзге қатысушы елдердің бірінің дипломаты.
ХАМАС-тың қаруын тапсыру процесін бастауға қажетті жағдай да әлі жасалған жоқ. Израиль жаңа палестиналық полиция құрамына алынатын адамдардың Мысырға барып дайындықтан өтуіне рұқсат бермей отыр. Сондықтан ХАМАС қаруын кім қабылдайтыны және Израиль әскері кеткен аудандардағы қауіпсіздікті кім қамтамасыз ететіні әзірге белгісіз.
Халықаралық тұрақтандыру күштерін құру жөніндегі келіссөздер жалғасып жатыр. Бірақ олардың Газаға нақты қашан кіретіні анықталған жоқ. Шілдеде Нетаньяху кеңсесі Израильмен достық қарым-қатынастағы елдердің шағын әскери бөлімдерін кіргізуге келісім берілгенін хабарлаған. Алайда бір айдан кейін Израиль Газаға халықаралық күштерді орналастыруға әлі рұқсат бермегенін мәлімдеді.
The Times of Israel мәліметінше, АҚШ бейбітшілік жоспарын жүзеге асыруды Израильдегі 27 қазанға белгіленген парламент сайлауынан кейін жалғастыруы мүмкін. Басылым дереккөздерінің бірі бұл жөнінде нақты шешім қабылданбағанын, алайда келіссөздерде әзірге айтарлықтай ілгерілеу жоқ екенін айтқан.
Газа тұрғындарын көшіру мәселесі қайта көтерілді
ХАМАС-тың қарудан бас тартуы мен Израиль әскерін шығару төңірегіндегі дауға енді Газа тұрғындарын басқа елдерге көшіру мәселесі де қосылды. Бұл тақырып 27 қазандағы парламент сайлауы қарсаңында Израильдің саяси күн тәртібіне қайта шықты.
3 қыркүйекте Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Газа тұрғындарының «ерікті түрде қоныс аударуына» арналған жеті жылдық жоспар ұсынды. Ол келесі үкімет құрамында халықты көшіру мәселесімен айналысатын жеке министрлік құруды ұсынды.
Оның партиясының өкілдері Газа тұрғындары қоныс аударуы мүмкін елдердің қатарында Түркия, Эфиопия және Конго Демократиялық Республикасын атады.
Israeli National Security Minister Itamar Ben-Gvir: We are talking about our targets: 250,000 leave Gaza in the first year. It is possible. One million leave Gaza within three years. Within seven years, we can reach almost 1.9 million who will leave Gaza. https://t.co/RMPd6EK8f6
— Clash Report (@clashreport) September 3, 2026
Әзірге бұл Израиль үкіметі бекіткен ресми бағдарлама емес, Бен-Гвир мен оның партиясының ұсынысы ғана. Алайда Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац та Газа мәселесінің түпкілікті шешімін оның тұрғындарының бір бөлігін басқа жаққа көшірусіз елестете алмайтынын мәлімдеді.
Katz: Israel ready to facilitate emigration from Gaza, but Trump has ‘frozen’ plan https://t.co/XSz5sswJLY
— The Times of Israel (@TimesofIsrael) September 2, 2026
Бұған дейін Вашингтон палестиналықтарды күштеп көшіруді қолдамайтынын жеткізді. Араб мемлекеттері де Газа халқының қазіргі құрамын күштеп өзгертуге қарсы.
Мұндай ұсыныстар Газадағы жағдайға қатысты алаңдаушылықты күшейтіп отыр. Себебі инфрақұрылым қираған, өмір сүруге қолайлы аумақ азайған, ал қалпына келтіру жұмыстары әлі бастала қойған жоқ. Мұның бәрі тұрғындарды Газадан кетуге итермелеуі мүмкін.
Әзірге жаңа әкімшілік Газаны басқаруға кірісе қоймады, халықаралық күштер де жұмысын бастаған жоқ. ХАМАС қаруын тапсыра қоймады, Израиль әскері де шегіне жоқ. Сондықтан ірі ұрыс қимылдары тоқтағанымен, әлі күнге Газадағы қақтығыс толық аяқталған жоқ.
Енді Газада билікті кім қолға алатыны және саяси келісімнің ондағы жағдайды өзгертуге қаншалықты ықпал ететіні маңызды болып отыр.