15:18, 15 Ақпан 2016 | GMT +5
Соғыс ардагерін өлтірді деген күдікпен Қарағанды облысының үш тұрғыны ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахтинскіде Ұлы Отан соғысының ардагерін өлтіріп кетті, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметі.

«12 ақпанда жедел іздестіру шаралары барысында облыстың ІІД криминалдық полиция және Шахтинск қаласының ІІБ қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған үш күдіктіні ұстады. Олар дәлелді айғақ берді, 10 ақпанда ҰОС ардагерінің үйінде болған олар мүлкін иелену арам ойымен ардагерге дене жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен», - делінген хабарламада.
Екі күдікті Шахтинскіде ұсталды. Біреуі Қарағандыда жалдамалы пәтерде тығылған.
Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот алды тергеу жүргізілуде.