Соққыға жығылған әйел бұрынғы күйеуін аяп, кешірім жасады

ПАВЛОДАР. 10 мамыр. ҚазАқпарат -  Павлодар облысы Железин ауданының соты ҚР ҚК-нің 257 бабының 1 бөлімімен, 145 бабының 2 бөлімімен және 178 бабының 1 бөлімімен айыпталған азаматтың қылмыстық ісін қарады,
None
None

деп хабарлады мекеменің баспасөз хабарламасы.

 Осы жылдың ақпан айында түн ортасында араққа сылқия тойған айыпталушы өзінің бұрынғы әйелінің үйіне келген. Есікті ашпаған әйеліне ашуланған ол  бұзып кірген. Сонан соң кәмелелеттік жасқа толмаған ұлын қорқыта отырып, әйелін соққыға жыққан.

 Әйел полицияға хабарласпақ болған, алайда оның бұрынғы жолдасы -айыпталушы ұялы телефонды тартып алған.

 Сот мәжісінде жәбірлеуші әйел айыпталушыға қатысты қылмыстық істі тоқтату жөнінде қолхат берген. Оның айтуынша, айыпталушы келтірген шығынды өтеп, татуласқан.

 Соттың қаулысымен тараптардың татуласуына байланысты ер адам қылмыстық істен бостатылды.

Соңғы жаңалықтар