13:12, 31 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ энергетикалық қуатын кеңейтуде
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ – ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ жылу электр стансысы жаңа энергия блогының құрылыс алаңында болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жылу электр стансасының директоры Игорь Синьков жаңа энергия блогының қуаты 63 МгВатт құрайтынын хабарлады. Инвестициялық жобаның құны ? 38 млн. доллар. Жаңа энергия блогында заманауи қуатты турбина орнатылатын болады, оны құрастыру Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында жүзеге асырылады. Турбина наурызда орнатылып, маусымның 12-сінде жаңа энергия блогы іске қосылады.Үкімет басшысы құрылысшылармен құрылыс алаңында кездесті. Жұмысшылар ешқандай әлеуметтік проблеманың жоқтығын айтты, олар жалақыны уақытылы алады, ал кәсіподақ өкілдері дағдарысқа қарсы бағдарламаның іс жүзіне асырылуына алғыстарын білдірді.