Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі жаңа өнім - «құйма қалақтарын» шығара бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа өнім - «құйма қалақ» Еуразиялық топтың (ERG) құрамына кіретін «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ-ның Жөндеу-механикалық зауытында жасап шығарылды.
Бұл туралы Бірлестіктің Рудный қаласындағы Ақпарат орталығынан хабарлады.
Технологиялық ыдыс ERG-дың тағы бір кәсіпорны - «Қазхром ТҰҚ» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты үшін өндіріліп шығарылды.
«Құйма қалақ» төрт жағында ілмек тәрізді элементтері бар металдан жасалған бұйым. Ол Ақтөбе зауытында феррохромды дайындау технологиялық процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. «ССКӨБ» АҚ-ның Жөндеу-механикалық зауытында жасап шығарылған алғашқы технологиялық ыдыстың салмағы үш тоннаны құрайды.
Бүгінгі күні технологиялық ыдысты Ақтөбеге жөнелтіп тұрудың кестесі әзірленді. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өнімге деген жылдық сұранысы 29 «құйма қалақты» құрайды.
ССКӨБ - темір кендерін өндіру және байыту бойынша Қазақстандағы жетекші кәсіпорын. Оның құрамына: Соколов, Сарыбай, Қашар және Қоржынкөл карьерлері, «Соколовская» шахтасы, Алексеев доломит кеніші, Кен дайындау және байыту, шекемтастарды өндіру фабрикалары, кен-теміржол және автомобиль көлігінің басқармалары, жылу электр орталығы, технологиялық жабдықтарды жөндеу басқармасы және басқа бөлімшелер мен цехтар кіреді.
Өндіріс қызметінің негізгі бағыттары: темір кендерін, доломитті, әктастарды, құрылыс қиыршықтастарын өндіру және өңдеу болып табылады, ССКӨБ-тің негізгі өнімі - қождандырылмаған темір кен шекемтастары мен темір кенді концентрат. Шикі кенді өндіру және өңдеудің жартыжылдық өнімділігі- 40 млн тонна.
2016 жылдың 31 тамызындағы жағдай бойынша ССКӨБ қызметкерлері саны 18981 адамды құрайды.