Соқыр сенімге беріліп қылмысқа барды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайждаров/ -Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданының орталығы Щучье қаласының К.есімді 30 жасар тұрғыны жұбайы мен жеті жасар егіз екі баласын моншаға қамап, азапқа салған,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлгі азамат соңғы уақытта жұмыссыз қалған. Өз бетінше Құдайға сыйынып, діни сенімге берілгендігін дәлелдеуге тырысқан. Соқыр сеніммен уланған ол үй-ішіндегілерді түгелдей осыдан екі ай бұрын өз қолымен салған үйінің жанындағы  моншаға қамап, үстеріне ыстық су шашып, есікті сыртынан мықтап жауып кетеді. Тек көршілері бір сұмдықтың болғанын сезіп, жәбірленушілерге көмекке келеді. Бірақ бұл кезде егіздің біреуі мерт болып, аналары жансыз күйде еді. Екінші ұлының денесінде сау тамтық жоқ. Қазіргі кезде аудандық ішкі істер бөлімі күдіктінің үстінен ҚР ҚК-сінің 96-шы бабы 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар