Солтүстік Америкада Жердегі ең кәрі өсімдік табылды

АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Американдық биологтарға Жердегі ең ежелгі өсімдікті табудың сәті түсті. Ол сарапшылардың бағалауынша, жасы 13 мың жылдық емен болып шықты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу жұмыстары аясында биологтарды Ресейдің орта белдеуінде кездесетін үйреншікті емендерден ерекшеленетін Quercus palmeri (Палмер емені) түрінің оқшауланған өсіп-өнуі қызықтырды. Бұл түр сырттай қарағанда бұтаға ұқсайды.

Калифорнияның шалғайдағы таулы өңірінде өсетін осы еменнің өсіп-өнуіне жасалған талдау осы аймақтағы өсетін барлық өсімдіктер будансыз көбею салдарынан пайда болғанын анықтауға - іс жүзінде бір өсімдік деп санауға мүмкіндік берді. Одан әрі жасалған бақылау Quercus palmeri өсімдігі бұл жерде кейінгі плейстоцен кезеңінде пайда болғанын анықтауға мүмкіндік берді.

Бұған дейін де кейбір оқшауланған өсімдіктердің түрлері барынша кәрі болуы мүмкін деп ұйғарылып келген, алайда оны дәлелдеудің сәті енді түсті. Ғалымдар өсімдіктердің жаңа пайда болған кезінде бұл өңірде ауаның тым салқын болғанын, сондықтан еменнің қарқынды будансыз көбеюінің арқасында ғана сақталғанын атап айтады.

Соңғы жаңалықтар