Солтүстік Қазақстан әкімі Петропавлдағы сауда үйлерін аралап, негізгі тамақ өнімдерінің бағаларымен танысты

ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов кеше кешке Петропавлдағы үлкен сауда үйлерін аралап, негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларымен танысты.
None
None
Атап айтқанда, әкім ірі супермаркеттердегі жеміс-көкөніс өнімдерінің, сондай-ақ нан өнімдерінің негізсіз тым қымбат болуына қанағаттанбайтындығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аймақ басшысы 46-50 теңгені құрап отырған түрік өндірісінің бөлке нанының бағасын сынға алды. Облыс әкімі бағаның мұндай тұрақсыздығына жол беруге болмайтынын атап көрсетті. Ал үлкен супермаркеттердегі жеміс-көкөніс бағаларына тоқталған әкім бағаның негізсіз тым қымбат екенін айтты. Атап айтқанда, «Айсберг» сауда үйінде қызанақтың 1 киләсі 480 теңге, сәбіз ? 100 теңге, картоп ? 90 теңге тұрады. Облыс әкімі, мұндай ірі супермаркеттердегі бағалар Петропавлдың коммуналдық базарларындағы бағадан 10 пайыздан қымбат болмауы керек екенін айтты, ал мұндағы бағалар 20 пайыздан жоғары. Әкім кешегі жолы танысу барысында сондай-ақ, валюта айырбастау қосындарындағы бағамдардан да хабардар болды. Ірі сауда нүктелерінде болғаннан кейін Серік Біләлов журналистерге мәлімдеме жасап, «әлемдік дағдарысқа байланысты теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы өзгеріп отыр және бүгінгі бағам 1 доллар үшін 150 теңгені құрайды. Бұл басқа елдерде, мысалы, Ресей Федерациясында валюта бағамының өзгеруімен байланысты. Долларға қатысты девальвация жасалуда. Бізде бұл көрсеткіш 26 пайыз шамасында, Бұл - қажетті және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетумен байланысты шара. Біз облыс орталығындағы ірі сауда нүктелерін аралап шықтық, жалпы алғанда, негізгі азық-түлік өнімдерінің бағалары көтеріле қоймағанына көз жеткіздік. Сондықтан да, облыстың, қаланың тұрғындарына айтарым: алаңдамаңыздар, негізгі азық-түлік өнімдерінің бағалары қымбаттамайды. Валюта бағамы өзгерді деп, қызмет тарифтері көтерілмейді», деп атап көрсетті. Әкім, халықтың алаңдаушылығына ешқандай негіз жоқ екенін тағы да атап көрсетті. Атқарушы билік рынок тұрақты дамуы үшін, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қажетті жұмыстардың барлығын жүргізіп отыр.
Соңғы жаңалықтар