Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментіне жаңа бастық тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы болып Уәлихан Әмірханұлы тағайындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. У.Әмірханұлы 1974 жылы Алматыда туған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай университетін, Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетін бітірген, заңгер, экономист мамандықтарын игерген. Еңбек жолын 1997 жылы салық саласында бастаған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қаржы министрлігі Салық комитетінің Ақмола облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары болған.
Соңғы жаңалықтар